Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы мобильді қоғамдық қабылдау тобы Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе және Тартоғай елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарының өтініш –тілектерін тыңдады.
Сұлутөбе ауылында өткен қабылдауға 15 азамат өтінішпен келді. Қара бастың қамы емес, ортақ елдің мүддесі. Атап айтсақ, ауылдық округке қарасты Талаптан ауылдық округінде балалар ойын алаңын соғу, ауылға жабық спорт кешенін салу, аяқ су, көшелерді асфальттау, ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, өнер мектебіне айналдыру секілді ортақ мәселелерді көтерді.
Мәселен, Сұлутөбе ауылдық округінде 4 мыңға жуық халық тұрады. Халықты қысқы отын, көмір секілді азаптан құтқару үшін Сұлутөбе, Бірлестік, 1 Мамыр елді мекеніне газ құбырының және орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы тезірек басталса»,-дейді қабылдауға келген ауыл тұрғыны зейнеткер Серікбай Кенбаев.
Тартоғай ауылындағы қабылдау барысында көтерілген мәселелер де дәл солай. Алайда аяқ су жолдарын ашу мен Тартоғай ауылдық округіне қарасты Кірпіш зауыт елді мекеніндегі қираған ғимараттардың қалдықтарын тазалауға тиісті мекемлер тарапынан қолдау болса дейді тұрғындар. Сонымен қатар ауыл тұрғыны зейнеткер, ауылдық қауымдастық төрағасы Қалмырза Байназаров 2005 жылы пайдалануға берілген №153 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрайды.

Барлық азаматтың ұсыныс – тілегі назарға алынып, мобилді топ өкілдері тарапынан бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.

Атап өтейік мобильді топ құрамында облыстық және аудандық мәслихаттардағы фракция мүшелері мен түрлі облыстық басқарма, аудандық бөлім басшылары бар.

БӨЛІСУ