2023 жылдың 17 қазаны күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов ҚР Президенті жанындағы басқару Акдемиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілік арттыру курсындағы мемлекеттік қызметшілеріне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі және оның дамуы» тақырбында дәріс оқыды.

Дәріс беру барысында:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістер мен жаңашылдықтар:
Қазақстан Респбуликасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына және өзге де мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетуге арналған нормативтік актілер туралы;
Мемлекеттік тапсырыс арқылы грнатпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің аудандар мен ауылдық округтерде төменгі лауызымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындау мүмкіндігі туралы;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметте жұмыс жасау мүмкіндіктері мен жас мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін материалдық қолдау шаралары түсіндірілді.

БӨЛІСУ