Облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев және комиссия мүшелері Ж.Нұрымбетов, М.Жұмашев, А.Рахметов, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Досжан және Арал аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов Арал ауданы, Жақсықылыш ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешеніне барып, құрылысымен танысты.
Бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС болып табылатын нысанның техникалық қадағалаушысы – «НұрСтрой Инжиниринг» ЖШС.
Нысанның темір корпусы тұрғызылып, құрылыс алаңына сэндвич-панельдер жеткізілген, қазіргі уақытта қыш қалау жұмыстары аяқталған. Еденге стяжка 100% пайыз құйылған. Сэндвич-панельінің де жұмыстары орындалған.
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» арқылы салынуда. Бүгінгі күні ішкі әрлеу және сырлау, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық мәслихат депутаттарының одан кейінгі аялдаған нысаны – Бөген ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Құрылыс алаңына арнайы барған халық қалаулылары жұмыс барысымен танысып, мердігер компания өкілдеріне құрылысты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау керектігін жеткізді.
Аталған құрылыстың бас мердігері – «Аман-Курылыс» ЖШС. Бас жобалаушысы – «Ремпроект» ЖШС. Техникалық қадағалаушысы – «ARTERIA» ЖШС.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын. Өйткені, халық денсаулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Міне, өз кезегінде осындай жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Медицина ғимараты заманауи үлгідегі жаңа құрылғылармен жабдықталып, алдағы уақытта ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

БӨЛІСУ