Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде – белгілігі себептерге байланысты жасөспірімді басқа мектепке ауыстыру, түрлі құқықбұзушылыққа қатысқан оқушылардың тәртібін қарау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және оларды спорттық секцияларға тарту сынды өзекті деген 5 мәселе қозғалды.

Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелерді талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады. Сонымен қатар қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерінде жеткізді.

Комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы кәмелетке толмаған әрбір жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-анамен ұстаздардың ұдайы назарда болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың арасында оқыс оқиғалар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар болған жағдайда комиссия жедел шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.

БӨЛІСУ