Бас Прокурор Үйлестіру кеңесініңотырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігугешақырды.

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Бас Прокурор БерікАсыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдықорындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріжөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттікоргандардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғаларқатысты.

Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысыныңтапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықдеңгейін төмендету бойынша шаралар кешеніқабылданып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде көшедегі мәдениетсіздіктен бастап ұрлау, тонаужәне кісі өлтіруге дейінгі қылмыстардың барлықтүрлеріне қарсы тұру қажет», – деді Берік Асылов.

Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкепсоқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың«отбасылық дебошир» әкімшілік жауапкершіліккетартылды, себебі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастапполиция мұндай адамдарды өз бастамашылығыменанықтау құқығына ие болды. Ал алдыңғы тоқсандажәбірленушілердің өтініштері бойынша тек 7 мыңәкімшілік құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар жағдайға теріс әсер ететін бірқатарфакторлар сақталатыны атап өтілді.

Бұрынғысынша, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың жоғары үлесі жасырын болып қалабереді, себебі жәбірленушілер қорқып, жасалған зорлық-зомбылық туралы жасырады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі үшінзардап шеккендермен тиімді әлеуметтік жұмыс жәнежергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткіліктіқаржыландыру тікелей жасалуы тиіс.

Алайда елдегі аудандардың 85%-ы дағдарысорталықтарымен қамтылмаған. 2022 жылы әлеуметтікқызметтер (тұрмыстық қызметтер көрсету, дәрігергедейінгі медициналық, психологиялық, заң көмегі, оныңішінде құжаттарды қалпына келтіру бойынша, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру 2 749 құрбанға көрсетілгенімен, олардың саны 13 есеге – 38 мың көп болды.

Сонымен қатар алкоголизм, нашақорлық, азғындық өмірсалты құқық бұзушылықтарға ықпал етеді.

Берік Асылов атап өткендей, профилактиканыжетілдіру жұмысындағы маңызды бағыт «мүлдемтөзбеушілік» қағидатын ілгерілету болып табылады.

Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы халықтың құқықтықмәдениетін арттырумен, азаматтардың ел заңдарынажәне бір-біріне деген құрметіне тәрбиелеумен қатаржүруге тиіс. Құқық бұзушылықтың барлық түрлерінеқарсы тұруды жастарға ерте жастан үйрету керек.

Талқылау қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылықтың, сондай-ақ қоғамдық орындардағықылмыстың алдын алуды күшейту бойынша бірқатаршаралар ұсынылды.

Қолайсыз отбасыларды анықтау тетігін жетілдіру жөніндеотбасын қолдау орталықтарын пайдаланудың тиімділігінзерделеп, шаралар қабылдау мақсаттары тұр.

Ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен қатарзорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы күрестетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалықөзгерістер енгізуді пысықтау жоспарланған.

Түзетулер қатарында мас күйінде денсаулыққа кезкелген зиян, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық саладакелтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Отырыс соңында Бас Прокурор қоғамды және әрбіразаматты тәртіп орнатуда белсенді қолдаудыңмаңыздылығын атап өтті.

Жергілікті жерлердегі прокурорларға үйлестірушараларымен қылмыс деңгейін төмендету, сондай-аққұқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді іске асырудықамтамасыз ету тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

БӨЛІСУ