Аймақтың экологиялық мәселелеріне қатысты екіжақты талқылау өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының ұсынысы бойынша облыс әкімдігімен бірге аймақтың экологиялық мәселелеріне қатысты екіжақты кездесу өтті.

БҰҰДБ директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Н. Денисов және ұйым өкілі Гульнар Магузумова басқарма басшысының орынбасары Қ. Жансұлтанұлымен арнайы кездесті.

Тараптардың айтуы бойынша экожүйелердегі теріс қысымды төмендету, жалпы аумақтағы климатты өзгерту, ауыл шаруашылығын жүргізудің орнықты әдістері мен орнықты орман екпелері есебінен тіршілік әрекетін нығайту жөніндегі өңірлік жобаны әзірлеуді жүргізу үшін Қазақстан мен Өзбекстанның Арал теңізі бассейні сараптамалық тобы а.ж. 20-23 қарашасы аралығында Қазақстанға іс сапары жоспарлануда.

Кездесуде Қ. Жансұлтанұлы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты қолдау білдіретіндігін және екіжақты ынтымақтастықты нығайта отырып, бірге жұмыс жасайтындығын жеткізді.

БӨЛІСУ