Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы З.С.Арынова және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері – доценті А.Ж.Аяғанова, аға әдіскер Ж.Н.Курманаева Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарына «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді. Семинарға 20 тыңдаушы қатысты.
«Ең алдымен адамдар» оқыту семинарының мақсаты – адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру.
Семинарда мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, проактивтік қызмет көрсету аясын кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы тиімді коммуникация, мемлекеттік қызмет көрсетуде ресурстарды тиімді пайдалану, қызмет көрсету барысында конфликтілі жағдайлар және оны болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзекті мәселелерді адамдарға оңтайлы түрде шешу мәселелері қарастырылды.

БӨЛІСУ