Экология, өндіріс шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Сандыбаев және комиссия мүшелерінің жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты.

Депутаттар алдымен Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында дәрігерлік амбулаторияға барып, құрылыс жұмысымен танысты. Халық қалаулылары амбулатория құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігер «Болашақ» ЖШС өкілдерімен және жұмысшыларымен кездесіп, құрылыс жұмыстарындағы мәселелерді талқылады. Бас жобалаушысы – «Ремпроект» ЖШС.
Техникалық қадағалаушысы – «ARTERIA» ЖШС. 25 төсектік ғимараттың жалпы ауданы – 558,57 м2
Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мұнан соң, халық қалаулылары Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Достық көшесіндегі 250 орындық мектепке барып, құрылыс жұмыстарына қанықты. Құрылысты жүргізіп жатқан бас мердігер – «SCSИнжиниринг» ЖШС. Бас жобалаушысы – «Крез Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушысы – «Алтимус» ЖШС.
Мердігер нысанды мерзімінде орындамағандықтан, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданған. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде тұрақсыздық айыппұл салынып, нысанды толық аяқтау міндеттеліп отыр.
Бүгінгі күнгі ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

БӨЛІСУ