Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы кеңейтілген түрде өтті.

Комисссияның күн тәртібінде «Қала бойынша мектепке дейінгі және орта білім беретін жеке меншік оқу ұйымдарының мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыруы туралы» мәселесі қаралды.

Алдымен депутаттар «Мансап» мектебі, «Шұғыла» жеке балабақшасы және «Ұлағат білім ордасы» мектебінде болып, білім ұйымдарының қызметімен танысты, олардың материалдық-техникалық жағынан жарақтануы мәселелерін қарады. Жекеменшік оқу ұйымдарының ұсыныстарын тыңдады.

Кездесулер барысында “Ұлағат” мектебінің құрылтайшысы Қ.Әжібеков қазір қаламыздағы жеке мектептерде оқитын бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақтан қамтамасыз ету мәселесі назардан тыс қалып отырғандығын, осы қалыптасқан теңсіздікті жою бойынша шаралар қарастыруды ұсынды.

Комиссия отырысы одан әрі талқылау отырысымен жалғасып, күн тәртібіндегі мәселе сала мамандарының қатысуымен жан-жақты талқыланды.
Комиссия отырысы барысында “Қала бойынша мектепке дейінгі және орта білім беретін жеке меншік оқу ұйымдарының мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыруы туралы» мәселесіне байланысты Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау жүргізу барысына тоқталды.

Ғалия Ноғайқызы «Білім беру ұйымдарында жіберілетін ортақ кемшіліктердің бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бұзу, оның ішінде кейбір балабақшалардағы мамандардың педагогикалық білімдерінің жоқтығы, балаларға жайлы орындар қамтамасыз ете алмауы, төсек орындарының талапқа сәйкес болмауы, асханалардағы тамақ қорының жеткіліксіздігі, қарапайым санитарлық тораптардың қамтамасыз етілмеуі» сынды кемшіліктерді атап өтіп, қалалық білімі бөлімі тарапынан қала көлемінде мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшақшаларға зерделеу жұмыстарын өз дәрежесінде ұйымдастырылуы қажет екендігін, бала құқықтарын қамтамасыз етуде өрескел жағдайларға жол берген балабақшаларды жанбасына қаржыландыруді беруді уақытында қарау және тоқтату шараларын қабылдау туралы ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен бірге, комиссия отырысына арнайы шақырылған “Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы” жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы бойынша филиалы жетекшісі Мишукова Наталья өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, санитарлық эпидемиология саласы тарапынан балабақшаларды ашуға рұқсат беруде кемшіліктерге жол беретіндігі, балаларды бақшаға «фейс-бақылау» арқылы кіргізу жобасының тиімділігін жан-жақты қарау және бұл салада баламалы тиімді әдістері қарастыру және басқа да ұсыныстарын айтты.

Комиссия отырысы барысында мәслихат депутаттары тарапынан өрескел жағдайлаларға жол берген жеке білім беру ұйымдарының жұмысын дер кезінде қарау, жеке мектеп оқушыларын кітаптармен және бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және басқа да ұсыныстарын жеткізді.

Комисисия отырысына қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев жеке меншік оқу ұйымдары өз қызметтерін ұйымдастыруда бала құқықтарының сақталуын бірінші кезекте қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
Комиссия отырысына депутаттар, қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, облыстық білім басқармасы, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық білім бөлімі, қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы, қалалық тиісті дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, қаладағы жеке мектептер мен бірқатар балабақшалардың жетекшілері қатысты.

Комиссия отырысына қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Мұсабаева төрағалық етті.

Комиссия жұмысының қорытындысымен комиссия қаулысы қабылданып, тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ