Облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы басталды. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Н.Сопбеков, А.Рахметов, Қ.Сақтағанов, Н.Әмитов, Н.Бақытбекұлы, М.Нәлібаев, Е.Қалиев, А.Абибуллаева, І.Тілеп, Б.Сандыбаев, Ж.Ысқақ қатысты.

Депутат, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балжан Мөрәліқызының төрағалығымен өткен комиссияның кеңейтілген отырысында 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке қатысты негізгі басымдықтар талқыланды.
Комиссияның алғашқы күнгі отырысында күн тәртібіндегі «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы» бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары хабарлама жасады.
Жиын барысында мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс-пікірлер мен бірқатар сауалдар көтеріліп, баяндамашыларға жоспарланған жобалардың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу мәселесі айтылды. Атап айтсақ, депутат А.Абибуллаева арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру және қызмет алушылар үшін үй жағдайына жақындатылған жағдай жасау мақсатында негізгі құралдарды сатып алу, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бу қазандығын сұйық отыннан газға ауыстыру мақсатында ғимаратқа газ құбырын жүргізу, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеу; М.Нәлібаев жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несиелер беру; І.Тілеп Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратына көшірген жағдайда, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қарау; Ж.Нұрымбетов ауған соғысы мен Семей полигонына қатысушылардың автобуста тегін жүруіне көмек ретінде әлеуметтік көмек төленуіне және №4 қалалық емхана ғимаратын салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы бөлу; Б.Шәменова зейнетке шыққан ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды, көп балалы аналарды, бала кезінен мүгедектігі бар балалардың қамқоршыларын тұрақты жұмыспен қамти отырып, көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларда тұратын, 1-4 сыныптарда оқитын 640 оқушыға тегін қосымша білім беру, білім ұйымдарында қауіпсіздік орнату және құзырлы органдардың талаптарына сәйкестендіру мақсатында бейнебақылаумен, турникет, дабыл түймесі және арнайы күзет қызметімен қамтамасыз ету, заманауи жабдықтармен жабдықтау мақсатында жаңа үлгідегі пәндік және стем кабинеттерімен қамту, Қызылорда қаласындағы көпбейінді облыстық аурухана ауласын абаттандыру жөнінде талап-тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ, депутат Н.Бақытбекұлы үш ауысымдық мектептерді екі ауысымға өткізу, медициналық жабдықтарды жаңарту, оның ішінде МРТ, КТ аппараттары, Е.Қалиев №274, №275 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу және 10 жеке колледждегі мәселе бойынша, балалардың жүріп-тұруына қаралатын қаржыны 2024 жылдың бюджетінде қарастыру, Н. Әмитов Жаңақорған ауданы, Қожакент елді мекеніндегі апатты жағдайда деп танылған № 168 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасына және Билібай елді мекеніндегі №255 негізгі мектеп жанынан қазіргі заман талабына сәйкес спорт алаңы мен асхана құрылысының жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы қарастыру, медициналық қызметтің қол жетімділігін арттыру мәселелерін және т.б өз ұсыныстарын білдірді.
Аталмыш комиссия отырысы 5 күнге жалғасады және барлық бағдарламалар әкімшілерінің есебі тыңдалатын болады.

БӨЛІСУ