Қызылорда облыстық ҚХА құрылым мүшелері Жалағаш ауданындағы Бұқарбай ауылында этнос өкілдері жерленген қорымдардың жағдайымен танысты. Құран бағыштап,зиярат етті.
Мұнан соң Бұқарбай ауылының мұражайын аралап, Мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров, облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі Қуаныш Жарекеев аудан әкімдігі өкілдері, ҚХА құрылым мүшелерімен кездесті.
Кездесуде қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сессияда көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен жүзеге асыру, отбасы құндылығын дәріптеу, жастарды еңбекке баулу және тағы басқа мәселелер бойынша маңызды міндеттерді бірігіп атқаруға шақырды. Сондай-ақ, арандатушылыққа жол бермеуге, осы бағытта жұмысты жандандыруды ұсынды.
Бұқарбайлықтар әрі де ынтымақшылдық негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендерін жеткізді.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, саясаттанушы Бауыржан Усенбаев, облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева этнос өкілдері көп шоғырланған Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп оқушыларымен кездесті.
Кездесуде жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жаңа жобалар мен ұсыныстар айтылып, “Ассамблея жастар” ұйымының атқарған жұмыстары мен мақсат-міндеттері слайд арқылы таныстырылды. Қазақ тілін үйрену әдіс-тәсілдері түсіндіріліп, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Спикерлер оқушыларға лудомания, құмар ойын қауіптілігі туралы баяндап, әңгіме жүргізді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, қоғамдық келісім жайында сөз қозғады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ортаға салып, толыққанды жауап алды.

 

БӨЛІСУ