Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудандағы барлық коммуналдық салалардың қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында арнайы мәжіліс өтті.

Әйтеке би кентіндегі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалы №49 жол пайдалану бөлімшесінің №2 жол пайдалану бекетінде өткен жиынға аудандағы барлық коммуналдық салалардың басшылары қатысты.

Жиында Мұхтар Әуесұлы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қазалы ауданының аумағынан өтетін аралығындағы және аудан ішіндегі тазалық жұмыстары мен жол қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, КРЭК, газ, ауыз су, қыстың көзі қырауда бұл салалар бойынша ешқандай қиындық туындамау керектігін айтып, әрбір сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мұнымен қоса энертті заттардың жұмысымен танысып, жылыту маусымына дайындығын көрді.

БӨЛІСУ