Күйші, ұстаз, өнертану ғылымдарының кандидаты Гүлнар Ысқақованың «Ғашық өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

Шарада Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Жомартқызы Қазбекова кеш иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, ақын, ұстаз, Әлем халықтарының жазушылары одағының мүшесі Сламова Ажар Сапарғалиқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Базартай Жандос Нұртайұлы, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледж директорының міндетін атқарушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мүсілім Әмзе және күйші, республикалық Күйшілер одағының Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Әлімжан Әбсадықов арнайы құттықтады.

Гүлнар Ысқақова – Сыр өңіріндегі Исламбек күйлерінің мұрагері ғана емес, өзіндік өнер жолын қалыптастырып, қос ішекті сөйлеткен дарын иесі. Оның музыка жәдігері руханият шежіресін жалғап, өзі де ұстаздық жолда еңбек етіп келеді.

Кеште Руслан Балмасовтың дирижерлығымен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және Сыр елінің дарынды өнер иелері Құрақтың Досжаны, Исламбек Ысқақов күйлерін, Гүлнар Исламбекқызының әндері пен күйлерін орындады.

БӨЛІСУ