Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 32 сессиясында берілген тапсырмаға сәйкес, ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесу өтті. Оған Астана қаласы және барлық өңірлердің ҚХА өкілдері қатысты. Сыр өңірінен этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ҚХА құрылым мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері онлайн режимі арқылы қосылды.
Іс-шараны ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов жүргізді. Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар білім мен тәрбие жүйесіне қатысты мәселелерді талқылады.
Оқу-ағарту министрі өз сөзінде білім сапасы мен оның 5 құрамдас бөлігі, оқушылардың бәсекеге қабілеттілігі, халықаралық беделді олимпиадалар мен жарыстардағы жеңістеріне тоқталып, ҚХА тарапынан білім ордаларындағы тағам сапасын жақсарту мен жастар арасында басты вейп мәселесін жоюға қолдау білдірілсе деді.
Қатысушылар ұстаздардың білім деңгейі, мемлекеттік тілді меңгеру, мұғалімдерге арналған білім беру бағдарламалары, колледждерге арналған үлгілік білім беру бағдарламалары, еліміздің барлық мектептеріндегі асханалардың бар-жоғы мен тағам сапасы және т.б. қатысты сауалдарын қойды.
Барлық сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

 

БӨЛІСУ