Вокзал маңы тұрғындардың көп шоғырланатын орны. Тұрғындар ғана емес, күнделікті ауданға тұрақтайтын жолаушылардың аялдайтын мекені. Сондықтан ғасырдан астам тарихы бар ғимараттың тазалығы да назардан тыс қалған емес.

Соған сәйкес бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен Қазалы теміржол вокзалының тазалық жұмыстарын көрді.

Нысанның ішкі және сыртқы келбетімен танысқан аудан басшысы әктелетін, сыланатын, қайта қалпына келтіруді қажет ететін орындарды нақтылап, тиісті мамандарға тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, әрбір істің тиянақты және тез арада аяқталуын ескертті.

Мұхтар Әуесұлы қонақтар үшін ауданның келбетін сипаттайтын ғимараттың айналасы да таза болуы қажет екенін айтты. Соған сәйкес Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Мұхтар Бисембаевқа тапсырма беріп, барлығын қалпына келтіру қажеттігін жеткізді.

БӨЛІСУ