Ғасырдан астам уақыт халыққа тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан аудан орталығындағы Жосалы теміржол вокзалы өткен ғасырдың басында яғни 1904 жылы Ресей патшасы ІІ Николайдың бұйрығымен, нақтырақ айтқанда Ресей қалалары мен Ташкент қаласы аралығында жолаушы және жүк қатынасын байланыстыру мақсатында салынған. Ғимаратта 25-тен астам бөлме болған. Дегенмен мемлекеттің қорғауына алынған тарихи ғимараттың бүгінде тозығы жетіп тұр.

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Жосалы темір жол вокзалында болып, ғимараттың жағдайымен танысты. Вокзалдың аумағындағы көптеген кәсіпкерлік нысандардың кент көркіне сай болуы жөнінде кент әкімі мен вокзал басшылығына ескертпелкр жасады.

Мұнан соң аудан басшысы бұрыңғы “Сая” қонақ үйінің тозығы жеткен ғимараты мен “Бибінұр” базарын көріп, базар сыртына реттілік үшін автотұрақ жасау жөнінде тапсырмалар берді.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ