2023 жылғы 1 қараша күні қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысында «Тасбөгет және Белкөл кенттерінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»;
«Қуатты өңірлер-ел дамуынын драйвері» ұлттық жобасы аясында қаланың көп қабатты тұрғын үйлерін жаңғырту барысы және қайтарымды қаражат мәселелері туралы» мәселелер ұсынылып, қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты, Белкөл кентінің әкімі Ж.Сәду, Тасбөгет кенті әкімінің м.а Ж.Байқадамов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев хабарлама жасап, сауалдарға жауап берді.
Комиссия отырысы барысында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев кенттер өз бюджеттерін қандай бағытта жұмсап отырғандығы, Бірқазан елді мекенінің дамуын назардан тыс қалдырмау, қайтарымды қаражат мәселелері, Тасбөгет кентіндегі кәріз су қалдықтарынан пайда болған көлшіктер мәселесін шешу, депутат Ә.Әбләзім №4 емхана ғимаратын салу жобасының жүру барысы, Тасбөгет кентіндегі диспансер аумағының инфрақұрылымын жақсарту, А.Төлегенова (Тасбөгет кентінің депутаты) Тасбөгет кентіне биыл қиыршық тас төсеу жұмыстарының сапасы, кенттің шеткі аумағынан орталықтағы мектептерге баратын қоғамдық көліктердің жүру, кенттің шеткі аумақтарындағы жер үйлерден шығатын қоқыстарды алу мәселесі, Т.Мақаш (Белкөл кентінің депутаты) Белкөл кентіне Мәдениет Үйін салу үшін жасалған жоба-сметалық құжаттардың мерзімі өтіп кетпей қажетті шаралар жүргізу, аталған кенттегі көп қабатты үйлерді жаңғыртудан өткізу мәселелері, Тасбөгет кентіне қарасты саяжайлардың инфрақұрылымын дамыту, Б.Кәрімова өзінің сайлау округіндегі тұрғын үйлердегі жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындардың шағымдарын назарда ұстау, Белкөл кентіндегі жасөсіпірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, оларды дамыту жобаларына мән беру, Е.Нұртазаев С.Бейбарыс көшесінің Сәулет ауданына өтетін тұсына бағдаршам қою, Б.Нұрпейісов көшесіне жасанды жол кедергісін орнату туралы мәселелер көтеріп және 2024 жылы тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарының жоспары талқыланды.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, комиссия мүшелері-депутаттар және қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев, қалалық тиісті дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында көтерілген депутаттардың ұсыныс-пікірлері, тұрақты комиссия қаулысына енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Комиссия отырысына қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Нұртазаев төрағалық етті.

БӨЛІСУ