«Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес облыс бойынша құрылған мобильді топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді


Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов жиынды ашып, 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесуге, анықтауға және ашу мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Сенім телефондары», «Қызу желілері» ақпараттық-кеңесшілік орталығының ақпараттық бильборды тұрғындар назарына ұсыну үшін Арал қаласы Әбілқайырхан көшесінде және кент, ауылдық округтерде «Адам саудасына Жол жоқ» тақыбырында орналастырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бекітілген «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, облыс бойынша құрылған мобильді топ мүшелері қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы шаруа қожалық төрағалары мен жеке кәсіпкерлерге және аудандағы мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мобильді топ мүшелерімен пікір-алмасулар болып, тиісті қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Жиын қорытындысымен облыс бойынша құрылған мобильді топ мүшелеріне жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізілетіндігін білдірді.

БӨЛІСУ