Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде орналасқан теміржол бекеті және автобекеттің абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Тұрғындар үшін маңызға ие орындардың тазалық мәселесі, қас беттерін жаңарту, ғимараттардың бұзылған жерлерін қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша аудан әкімі Ардақ Ибраимов шұғыл жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Сала бойынша жауапты басшыларға атқарылған жұмыстарды жеке бақылауға алатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, Ардақ Ибраимов Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысының жұмыс барысымен танысты.

Жұмыс кестесіне сәйкес қарқын алған амбулатория құрылысы сапалы жүзеге асырылуда.

Бұл ретте, аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатовқа ұлттық жоба аясында республикалық бюджеттен салынып жатқан жобалардың уақытылы аяқталуы үшін күнделікті мердігерлермен байланысып, жұмыс барысын баяндап отыру тапсырылды.

Айта кетейік, 2023 жылы Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

БӨЛІСУ