Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі қозғалған алғашқы мәселе бойынша Әйтеке би кентіндегі М.Матаев атындағы №170 директоры Нұрлан Имашев хабарлама жасады. Мұнан соң екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Ерімбетов пен аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Махаббат Бегалиева баяндады.

Жиында Дәурен Оңғарбайұлы кәмелетке толмаған жастардың арасындағы құықбұзушылықтардың басым бөлігі түнгі уақыттарда орын алатынын тілге тиек етіп, аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі бірлесе отырып түнгі рейд жұмыстарын әлде де жандандыруды айтты. Сонымен қатар мезгілсіз уақытта жүрген жасөспірімдердің ата-аналары мен байланыс жасап, түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

БӨЛІСУ