Ақжолтай ақпар! Республикалық пікірсайыс турнирінде қызылордалық оқушылардан құралған команда ІІ орын иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жетісу Ділмарлары» пікірсайыс қозғалысы жобасы аясында Жетісу облысы білім баскармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстаннның болашағы – зерделі ұрпақ» республикалық жарысына барлығы 11 облыстан 29 команда қатысты.

Айта кеткен жөн, сөз сайыстырған фракциялар алдымен мектепшілік, аудандық және облыстық іріктеуден өтті.
Екі күнге созылған республикалық турнирде пікірсайысшылар түрлі тақырыпты жан-жақты талдап, қазақ, орыс және ағылшын тілінде өзара жеңімпаздарды анықтады.

Төрешілердің шешімімен ұтымды пікір білдіріп, мәселенің өзектілігін жеткізген Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейінің оқушылары Ибашқызы Ақерке және Байқуатқызы Сымбат ағылшын лигасында жүлделі II орын иеленіп, 150 000 теңгенің сертификатын жеңіп алды.

Ал Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектеп оқушысы Сақтаған Нұрислам қазақ лигасында «Үздік спикер» атанды.

Сыр өрендерінің айтулы жеңісімен құттықтай келе, пікірсайысқа дайындаған ұстаздары мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

БӨЛІСУ