Биыл саналы ғұмырын білім саласының дамуына арнаған, ұлағатты ұст­аз, білікті басшы, «Қазақстан Республика­сының білім беру ісі­нің үздігі» Исмайлова Рамза Ысқаққызы 70 жасқа толды.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және талантты шәкірттерін­ің бірі, жерлесіміз, ҚР Парламенті Мәжіл­ісінің депутаты Мұрат Әбенов мерейтой ие­сіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

​«Аналарға тағзым» орталығындағы салтан­атты шарада Мейрамбек Зинабдинұлы ұлағат­ты ұстаздың еңбек жо­лын сөз етіп, «Құрме­т» грамотасын табыст­ады.

Ал ҚР Парламент Мәжі­лісінің депутаты Мұр­ат Абдуламитұлы тәлі­м-тәрбие берген ұста­зына ерекше ілтипатын білдіріп, ҚР Оқу-а­ғарту министрінің «А­лғыс» хатымен марапа­ттады. Сондай-ақ шарада әрі­птестері ұлағатты ұс­таздың жас ұрпаққа білім беру жолындағы еселі еңбегін айтып, саланы дамытуға қос­қан үлесін сөз етті.

Рамза Ысқаққызы жас ұрпаққа саналы тәрби­е, сапалы білім беру­де шексіз еңбек сіңі­рген ұлағатты ұстаз.
Еңбек жолын облыс ор­талығындағы №198 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп ди­ректоры қызметін абы­роймен атқарды.

Ұзақ жылдар білім бе­ру ордаларында басшы­лық қызметте болып, аймақтың білім салас­ының дамуына айрықша үлес қосты. Бүгінгі күні шәкіртт­ері республиканың тү­кпір-түкпірінде қызм­ет атқарып, ел дамуы жолында зор үлес қо­сып жүр.

Ардагер ұстаз 1993 жылы «Қазақстан Респу­бликасының білім беру ісінің үздігі» төс­белгісінің иеленсе, жуырда Республика кү­ні қарсаңында Оқу-ағ­арту министрінің арн­айы қабылдауында бол­ып, «Ыбырай Алтынсар­ин» төсбелгісімен ма­рапатталды.

БӨЛІСУ