Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қожабақы-Бекарыстан би» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолына «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға сәйкес жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын көрді.

Бүгінгі таңда мердігер мекеме «Қазалы жолшы» ЖШС автомобиль жолына асфальт қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба барысында «Қожабақы-Жалпақ» елді мекені аралығына 15 шақырымға толықтай асфальт қабаты төселетін болады.

Мұнан соң аудан басшысы Бекарыстан би – Шөмішкөл елді мекені аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бүгінде автомобиль жолының бойындағы «Сақыбай» каналына көпір салу жұмыстары жүргізілуде.

Елді-мекендер аралығында жүргізіліп жатқан жолдардың құрылысымен танысқан аудан басшысы, жауапты мердігерлер мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жол құрылыстарының ең бастысы сапасына аса мән беруді тапсырды.

БӨЛІСУ