Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қазалы-Көркем-Сервис» ЖШС мекемесіне барып, серіктестіктің жұмысымен танысты.

2014 жылдан бері Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстарымен айналысып келе жатқан мекемеде бүгінде 20-ға жуық қызметкер мен 8 техника жұмыс жасауда.

«Қазалы Көркем Сервис» ЖШС-нің директоры Дәулетбек Тұяқбаев аудан басшысын мекеменің бүгінгі жай-күйімен таныстырып, кент тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.

БӨЛІСУ