Қала әкімінің аппараты басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатов қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне және барлық дербес бөлімнің жауапты мамандарына мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру бойынша семинар өткізді.

​Кездесу барысында сөз алған аппарат басшысы Жасұлан Абатов әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтау қажеттігін тілге тиек етті.

​Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптары да ескертілді.

​Жиын соңында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатов бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің әрбір фактісіне мұқият талдау жасау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды, қызметкерлер арасында басшылардың өз бағыныштылары үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

БӨЛІСУ