Елімізде экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнесті дамыту екендігі баршаңызға белгілі. Сондықтан бұл салаға ерекше көзқарас қажет екені жыл өткен сайын дәлелденіп келеді. Осы орайда бүгін Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдады.

Шаһар басшысы қабылдауға келген 20 кәсіпкерге бұл салада кездесетін кедергілерді жойып, олардың бизнес әлеуетін арттыруына қолдау жасалатындығын айтты.

«Кәсібін жолға қойған кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіледі және кәсібін бастайтындарға бағыт-бағдар беріледі. Біз кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, тиімді ұстанымдарды ұсынуымыз керек, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Айта кету керек, қазіргі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында мемлекеттік бағдарламалармен құны 3,5 млрд.теңгені құрайтын 85 жоба қолдау тапты.

БӨЛІСУ