2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтары жеке куәлікті немесе төлқұжатты әртүрлі себептермен ауыстырғанда немесе қайта қалпына келтірген жағдайда саусақ ізі тіркеледі. Осылайша, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен айқындалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ОПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Сағындық Камитбеков хабарлады.

-Міндетті дактилоскопиялық тіркеу – заңсыз құжаттау фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасауға, өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жазатайым оқиғалар орын алғанда азаматтардың жеке құжаттарын қалпына келтіру жеңілдейді. Одан бөлек, Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік шекарадан өту рәсімін жеңілдетеді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру оңтайландырылады. Айта кетейін, саусақ іздерін тапсыруға ешкімді мәжбүрлемейміз. Бұл процесс жеке басын куәландыратын жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 5-10 минут аралығында жүргізіледі. Осылайша азаматтардың жеке құжаттары одан әрі қорғалады, – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

БӨЛІСУ