Бас Прокурор Қытайдағы ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің бас прокурорларының отырысына қатысты

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-ші отырысына қатысты. Отырыс ашылғанға дейін қадағалау ведомстволары басшыларын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, Саяси-заң комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин қарсы алды.
Қазақстанның Бас Прокуроры өз сөзінде Қазақстан мен Қытай прокуратура органдарының ынтымақтастығының артып келе жатқанын және екі ел көшбасшыларының арасындағы қарым-қатынасты үндестіретінін атап өтті. ШЫҰ отырысында прокуратуралардың (Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, РФ, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия) басшылары мемлекеттік жаңғырту, өңірлік қауіпсіздік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және прокурорлардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Осы тектес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қадағалау органдарының басшылары қатысушы елдердің даму процесінде халықаралық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымның ықпалын кеңейту, қаржы-экономикалық саладағы қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге байланысты есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты арттыру, прокурорлық білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында келісімге келді.
Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура басшылары бұдан әрі өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары мен тетіктерін айқындайтын хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, ШЫҰ алаңында Қазақстанның Бас Прокуроры ҚХР Жоғарғы Халық прокуратурасының Бас прокуроры Ин Юнмен екіжақты кездесу өткізді, онда қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудің, сотталғандарды берудің, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың өзекті мәселелерін талқылады.

Генеральный Прокурор принял участие в заседании генеральных прокуроров государств – членов ШОС в Китае

Сегодня Генеральный Прокурор Казахстана Берик Асылов принял участие в работе 21-го заседания генеральных прокуроров государств – членов Шанхайской организации сотрудничества в г.Сиань, КНР. Перед открытием заседания глав надзорных ведомств поприветствовал Член Политбюро Центрального комитета Коммунистической Партии Китая, секретарь Политико-юридической комиссии ЦК Компартии КНР Чэнь Вэньцин. В своем выступлении Генеральный Прокурор Казахстана отметил возрастающее сотрудничество органов прокуратуры Казахстана и Китая, синхронно отражающее отношения между лидерами двух государств.
На заседании ШОС руководители прокуратур (Индии, Ирана, Казахстана, Кыргызской Республики, Китая, РФ, Пакистана, Таджикистана, Узбекистана, Беларуси, Монголии) обсудили вопросы государственной модернизации, региональной безопасности, борьбы с организованной преступностью и повышения квалификации прокуроров. Главы надзорных органов государств-членов ШОС сошлись во мнении расширять влияние данной Организации с целью обеспечения международной безопасности и правовых гарантий в процессе развития стран-участников, наращивать сотрудничество по противодействию преступлениям в финансово-экономической сфере, нарко и киберпреступности, связанным с терроризмом и экстремизмом, развивать взаимодействие между прокурорскими образовательными организациями. По итогам встречи руководителями прокуратур подписан протокол, определяющий приоритетные задачи и механизмы дальнейшего сотрудничества.
Кроме того, на полях ШОС Генеральный Прокурор Казахстана также провел двустороннюю встречу с Генеральным прокурором Верховной народной прокуратуры КНР Ин Юном, где обсудил актуальные вопросы оказания взаимной правовой помощи по уголовным делам, передачи осужденных, а также возврата незаконно выведенных активов.

БӨЛІСУ