Бүгін Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындықмектептің құрылысы басталды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білімордасының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін құттықтады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолғаалынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен біздіңоблыста 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Оның екеуі Қазалы ауданында бой көтереді. Бізбұған дейін Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Арал аудандарында «Жайлы мектептердің» іргетасынқаладық. Бүгін міне, Қазалы ауданындағықұрылысты бастаймыз. Жайлы мектептерде жасұрпағымыз зейінді, білімді, зерек шәкірт болыпқалыптассын! Білім ошақтары туған елінің туынбиік ұстайтын түлектер ұясына айналсын! Ұлттықжобаны жүзеге асыру міндеті жүктелген азаматтарға  маңызды әрі жауапкершілігі зор жұмысты  сапалы жүргізуді халық атынанаманаттаймын», – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, бұл білім ошағы апаттыжағдайдағы мектептің орнына салынады. СоныменҚазалы ауданындағы апатты мектепке қатыстымәселе түпкілікті шешім табады.

Құрылыс алаңында Қызылорда облысыныңҚұрметті азаматы Самұрат Имандосов аудантұрғындарын құттықтап, ауылдық ардагерлеркеңесінің төрағасы Қожас Медеубай бата берді.

Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат, 5 мектеп пайдалануғаберілуде. «Білімді қолдау қоры» есебіненҚызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатынфизика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облысорталығында осы кезге дейін бір ғана «Оқушыларүйі» болса,  биыл «ҚазГерМұнай» компаниясыныңдемеушілігімен  2,5 млрд. теңгеге  350 орындықзаманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Оған қоса «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенініңсол жағалауынан 4,8 млрд. теңгеге  музыкалықколледждің жаңа  ғимараты салынады.

БӨЛІСУ