Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Отырысқа комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – тұрғын үйді бөлу, беру кезінде сыбайластық көріністерін болдырмау, жариялықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Н.Бисембаев хабарлама жасады.

Ал екінші мәселе – аудан аумағында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметтерін жүргізілу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған шаралар жөнінде Тереңөзек кенті әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Нұртазаев пен C.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі Б.Қыдырбаев баяндады.

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жою, ол үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, қоғамдық сананы түбірінен өзгерту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» бекітілген.

Комиссия отырысында Тұжырымдама негізінде жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңдарды, ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ