Еңбек күніне орай өткізілген «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Еңбек адамына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Аманұлы: «Жастардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасау бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Біз «Адал еңбек. Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетуде, қоғамдық санаға еңбек культін орнықтыруда мақсатты жұмыстарды жүзеге асырамыз, – деді.

​Қала бойынша конкурсқа қатысуға өтінім түсіргендердің қатарынан бір отбасы “Үздік еңбек әулеті” номинациясын иеленді. Ал, өзге бағыттағы номинациялардан Қуат Шакизадаев, Ирина Ким, Марат Арыстанов, Асем Айдарбек үздік атанды. Қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Аманұлы номинация иегерлеріне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің алғыс хатын табыстап, қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.

БӨЛІСУ