Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Абай ауылына барып, елді мекендегі жүргізіліп жатқан қызу жұмыстардың жайын көріп қайтты.

Бүгінде ауылда газ желісін жүргізу, ауыл ішіндегі саябақты абаттандыру және жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аудан басшысы алдымен ауылдың кіреберісіндегі халық игілігі үшін салынып жатқан денсаулық нысанына барып, құрылыстың сапасын қадағалады. Сондай-ақ жауапты бөлімге құрылысты орындау барысын ұдайы бақылауда ұстау керектігін айтты.

Елді мекендегі саябақты абаттандыру жұмыстарыда бүгінде аяқталуға жақын. Ауылға ерекше көрік беріп тұрған саябақтың бүгінде қақпасын орнату, сахна құру, ойын және спорт алаңын салу мен түнгі жарықшамдарды орнату жұмыстары толықтай аяқталған.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң елді мекендегі орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарында көрді. Құрылыс жұмыстарының қарқынын көрген аудан басшысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Күзембаевқа жасалып жатқан жұмыстардың сапасына қатаң мән беру керектігін айтты.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын бас мердігер «РЕМСТРОЙ» ЖШС жүргізуде.

БӨЛІСУ