Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, қорғаншылық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайы, кешкі мектепке ауыстыру немесе жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыру, жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстарды талқылап, олардың бос уақытын тиімді пайдалану жөнінде профилактикалық шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ