Бүгін ауданға қарасты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ақтілек Есеев “Халыққа қызмет көрсету орталығы” мен “Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”, “Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі” мен “Аудандық кәсіпкерлік бөлімі” мекемелерінде бақылады.

Аталған мекемелерді қоғамдық бақылау барысында ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына жағдай жасалғандығы, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттар орналастырылған және өзектендірілгендігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері бекітілген ережеге сәйкес орналастырылғандығы нақтыланды.

Бақылау жұмыстарының нәтижесімен мекемелер тексерістен толықтай өткізілді. Алдағы уақытта жұмыс тобының тарапынан бақылау жұмыстары ұдайы жалғасатындығы ескертілді.

БӨЛІСУ