Қазыналы Қазалы өңірінде кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы абзал ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз жетерлік. Сондай жандардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергенов ақсақал.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен Бақытжан Дүзелбайұлы соғыс ардагерінің шаңырағына арнайы барып, ақсақалды 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы Тілеуберген ақсақалдың сұрапыл соғыстағы көрсеткен жаужүрек ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге екенін айтып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Соғыс ардагері де мереке қарсаңында құрмет көрсетіп, жылы лебізін жеткізген аудан басшысына ризашылығын айтып, ақ батасын берді.

БӨЛІСУ