Қазалы ауданында жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бойынша түсіндірме шаралары күшейіп келеді.

Соның негізінде аптаның жеті күніне бөлінген арнайы топтар түнгі рейдке шығып, жастарды тәртіпке шақыруда. Кезекті құрамға жетекшілік жасаған Бақытжан Дүзелбайұлы жастар көптеп бас қосатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әйтеке би кентіндегі спорт алаңдары, ойын-сауық орталықтары, саябақ, мейрамханалар мен 5-ші квартал аумағына барған топ кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Айта кетейік, топ құрамында аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мұратбек Нағашыбаев және аудандық полиция және білім бөлімінің қызметкерлері болды.

БӨЛІСУ