Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы Жаңажол ауылындағы сапарында бірқатар өзекті мәселелерді шешіп, ауылдағы білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығын көріп, бірқатар ескертулер берді.

Аудан басшысы сапар барысында дәрігерлік амбулатория мен спорт кешенінің құрылысы жұмыстарымен танысып, жалпы құны 427,352 млн.теңге тұратын жобаны жеңіп, спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан “Орион LTD” ЖШС мердігер мекемесінің басшылығымен құрылыс барысын бақылады.

Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысы бойынша жобалық құны 442, 943 млн.теңгені құрайтын құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан “Бақ-Береке 2030” ЖШС мердігер мекемесі басшысы баяндап, құрылысты белгіленген мерзімде тапсыруға байланысты қызу жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Жаңажолдың тағы бір жетістігі ауыл шаруашылығындағы озық деп танылған технологиялардың бірі тамшылатып суғару әдісі бойынша алма бағын жасауында. Жасыл-желекке бөленіп тұрған алма бағын жандандыру жұмысына аудан басшысы оң баға берді.

Ауылға сапарының соңында егіс алқабына барып, ауыл әкімі, ауыл инвесторымен бірге биылғы өнімнің көлемін бағамдады.

БӨЛІСУ