Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» негізінде «Үздік аула – 2023» байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өткізілді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттауға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов арнайы қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

-Ауданымыздың көркеюі мен таза болуы сіздердей жандардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Туған жерді жасыл-желекке айналдыру бағытында қызмет ететін өздеріңіздей жанашыр және белсенді азаматтар қатары арта берсін, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов.

Жыл сайын жаз мезгілінде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан байқауға биыл кент және ауылдық округтерден 11 тұрғын қатысты. Байқау қорытындысы бойынша

І орын/70 000 тг – Сейтенқызы Зағира, Жалағаш кенті, И.Панфилов көшесі №2 үйдің тұрғыны;
ІІ орын/ 50 000 тг – Қожақұлы Қожатай, Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі №59 үйдің тұрғыны;
ІІІ орын/25 000 тг – Оразбекұлы Олжас, Еңбек ауылы, Мүсірәлі баба көшесі № 42/2 үйдің тұрғыны;
ІІІ орын/25 000 тг – Серікқызы Айдана, Жалағаш кенті, Тоғанас батыр көшесі №5 үйдің тұрғыны;

«Үздік бақша» номинациясы/15 000 тг – Исатайқызы Айдана, Аққұм ауылы, І.Доспенбетов көшесі №16 үйдің тұрғыны;
«Үлгілі аула» номинациясы/15 000 тг – Шанықұлқызы Мәншүк, Жалағаш кенті, Б.Алтынбаев көшесі №67 үйдің тұрғыны;

Ынталандыру сыйлығы/10 000 тг – Акпарқызы Ақбота, Ақсу ауылы, Конституция көшесі №4/1 үйдің тұрғыны;
Ынталандыру сыйлығы/10 000 тг – Алмасқызы Аягөз, Мырзабай ахун ауылы, Ә.Жүргенов көшесі №13 үйдің тұрғыны;
Ынталандыру сыйлығы/10 000 тг – Бабамұрат Нұржанұлы, Жалағаш кенті, А.Күзенбаев көшесі №1 үйдің тұрғыны;
Ынталандыру сыйлығы/10 000 тг – Мүшелбайұлы Бибітжан, Жалағаш кенті, І.Қабылов көшесі №41 үйдің тұрғыны;
Ынталандыру сыйлығы/10 000 тг – Рамазанұлы Шохан, Жалағаш кенті, Абай көшесі №100 үйдің тұрғыны.

Аудан тұрғындарын ауласын таза ұстауға, көркейтуге атсалысып, алдағы уақытта осы байқауға қатысуға шақырамыз!

БӨЛІСУ