Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу жөнінде конкурс жариялады. Конкурстық кезең өз мәресіне жетті, нәтижесі жарияланды.
Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша 54 мемлекеттік қызметші құжат тапсыруға ниет білдіріп, admission.apa.kz платформасына тіркелді. Оның ішінде 39 үміткер құжаттарын талапқа сай рәсімдеп, конкурстық кезеңге жолдама алды.
Конкурстық іріктеудің нәтижесі бойынша Қызылорда облысының 6 мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2023-2024 оқу жылына магистранттарды мемлекеттік тапсырыс негізінде алдан ала қабылдау бойынша оқуға түсті.
«МРР – Мемлекеттік саясат» бағдарламасы бойынша:
Альмухаметов Данияр Ерболатович – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы – Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары;
Сақыбай Жұмажан Асқарұлы – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
«MHRM – Адами ресурстарды басқару» бағдарламасы бойынша:
Дидаров Абай Анесұлы – Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы;
Жалғасбайқызы Гүлжанат – Қызылорда облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы;
«MRD – Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша Жусупов Ақжол Болатұлы – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы.