Биыл есепті кезеңде Сырдария ауданы экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасып, өнеркәсіп өндірісі 68,5 пайызға ұлғайса, өңдеу өнеркәсібі 3,4 пайызға, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 пайызға өсті. Инвестиция 72,4 пайызға, тұрғын үй 26,9 пайызға жәнеқұрылыс жұмыстарының көлемі 5,3 есеге артты.
Биыл аудан бойынша егілген егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артты. Атап айтқанда, 35 мың 732 гектарға ауыл шаруашылығыдақылдары, оның ішінде 23 мың 500 гектарға күріш,
12 мың 232 гектарға басқа дақылдар егілді.
Соңғы жылдары аймақта су тапшылығы мәселе тудырды. Осыған байланысты облыс әкімінің қолдауымен 2022 жылы шаруашылықтарға 22 насосалынды. Биыл қосымша 4 насос алынып, бүгінде ауданда 32 насоспен егінге су жеткізілуде.
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бері аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарын егу жұмыстары басталды. Ауданда 2022 жылы 210 гектар қосымша жер ашылып, 865 отбасы бақша дақылдарын ексе, биыл жер көлемі 359 гектарға дейін артып, 1105отбасы әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін орналастырды. Бұл бағытта жастар белсенділік танытуда. Былтыр 2 ауылда (Айдарлы, Аманкелді) жастар бригадасы 20 гектарға егін ексе, биыл қосымша 4 ауылда жастар бригадалары құрылып, 60 гектарға бақша дақылдарын орналастырды.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында биыл наурыз айынан бастап жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, айына 2 реттен өткізілетін жәрмеңкеде азық-түлік базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылуда.
Сонымен бірге, ауданда «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен келісімшарт негізінде
2 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Оларға қажетті азық-түлік қорын толықтыру мақсатында, оның ішінде ақталған күрішке байланысты шаруашылық құрылымдарымен меморандум жасалған. Мұндағы азық-түлік бағасынарықтан 15-20 пайыз төмен.
Кәсіпкерлік саласын дамыту тұрақты назарда. Қазіргі таңда ауданда 3247 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасап тұр. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға өскен.
Жалпы, 2023 жылдың 6 айында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1,4 млрд теңгеніқұрайтын 184 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
1. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы –құны 136 млн теңгенің 12 жобасы.
2. Ұлттық жоба бойынша екінші деңгейлі банкттерден құны 223,4 млн теңгенің 7 жобасы.
3. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы –72 адамға 99,4 млн теңге қайтарымсыз грант.
4. «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары – 408,8 млн теңгенің 66 жобасы.
5. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 520,5 млн теңгеге 15 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары).
6. Жастарды шағын несиелеу бойынша 55,4млн теңге 12 жобасы).
Биылғы жылдың соңына дейін құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға аудан халқы белсенділік танытуда. Бүгінде бағдарлама аясында 3 млрд теңгені құрайтын 489 жобаның құжаты анықталып, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұсынылуда. Ауданда құрылыс және коммуналдық сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.
2023 жылға 11,6 млрд теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, 7,4 млрд (5 млрд. 256 млн. теңге республикалық, 1 млрд. 933 млн. теңге облыстық, 260 млн. теңге аудандық бюджеттен) теңгенің 62 жобасы қолдау тапты. Бірінші жартыжылдық бойынша 6,8 млрд теңге игерілді. Жол жөндеу саласында да жұмыс қарқынды. Биылға 31 жобаға 1 млрд теңге қаржы бөлінді.
Сол бойынша 27,6 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланды. Есепті кезеңде 14,3 шақырым жол қайта жаңғырту және орташа жөндеуден өтті.
Сонымен бірге, «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолына 1,4 млрд теңгеге, «Шымкент-Самара-Тереңөзек» трассасына 687 млн теңгеге жөндеужұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысының «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында атап көрсетілгендей, ауданда электр қуаты мен ауыз су құбырыжелілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, электр желілерінің 70 пайызының тозығы жеткені анықталды. Осыған байланысты бюджет көздерінен
2,7 млрд қаржыға Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл, Шаған елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық жаңартылуда.
Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин елді мекендерін электрмен жабдықтауға демеушілікпен жобалар әзірленуде.
Ал, ауыз су құбырын жаңарту үшін демеушілік есебінен 6 жоба әзірленіп, бүгінде Шаған (5 көше) менҚоғалыкөл (3 көше) ауылы бойынша 3 жобаға 246 млнтеңге қаржы бөлінді. Ал Тереңөзек кенті (10 көше) менАманкелді (3 көше) ауылына қатысты 3 жобаныңқұрылысын қаржыландыру күтілуде.
Атап өтетін жағдай, Тереңөзек кенті табиғи газбентолық қамтамасыз етілсе, елді мекендерде газдандыружұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қалжан Ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов және Шаған ауылдарын газдандыру үшін 2023-2025 жылдарғареспубликалық бюджеттен қаржыландыруға 3,9 млрд теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2023 жылға Қалжан ахун ауылына газ жүргізуге 330 млн теңге бөлінді. Ал,С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов ауылдарын газдандыру жобасын бастауға облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, жұмыстар жасалуда.
Демеушілік есебінен жасалған Н.Ілиясов ауылынгаздандыру жобасына (34 млн теңге) бюджеттік өтінім ұсынылса, Бесарық, Ақжарма елді мекендерініңжобалары жасалуда.
Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалықжұмыстарына аудандық бюджеттен 97 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы жасыл белдеуге 5000 түп көшет отырғызылса, аудан орталығындағы «Майжарма» каналының бойы (145 млн) демалыс орны ретінде абаттандырылуда. Сондай-ақ, И.Тоқтыбаев көшесінің бойына 133 млн теңгегеұзындығы 3,2 шақырым болатын тротуар мен лоток салынды.
Облыс әкімінің бастамасымен «Үздік елді мекендер» байқауы өткізіліп, Нағи Ілиясов ауылы бірінші орынды жеңіп алды.