Skip to content

КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ

Биыл ішкі көші-қонды реттеудің жаңа тетіктері енгізілуде.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Ішкі көші-қон үрдістерін реттеу үшін қандай шаралардың қабылданып жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің қаулысымен қандастарды, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерден ішкі мигранттарды қоныстандыруға басымдық берілетін елдің 8 өңірі айқындалған. Бұл негізінен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері.

«Биыл біз ішкі көші-қонды реттеудің жаңа тетіктерін енгізіп жатырмыз. Мәселен, солтүстік өңірлердің жергілікті атқарушы органдарында қоныс аударушыларға көмек көрсетуге, оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кеңес беруге арналған Бейімдеу және көші-қон орталықтары құрылды. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі. Бұл мигранттарға ауылдарда, моноқалаларда тұрақтап қалуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі. Сертификат мигрантқа дайын тұрғын үйді таңдауға немесе жаңасын салуға мүмкіндік береді. Сертификат тұрғын үй құнының 50%-ын жабады, бірақ сома 4 млн теңгеден аспауға тиіс», – деді Көші-қон комитетінің басшысы.
БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.