Бүгін Есет батыр ауылдық округінің мәдениет үйінде Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматовпен «Қоңыр әңгіме» атты рухани кеш өтті. Кешті Нұрмат Мансұров жүргізді.

Қазақ салт-дәстүрінің өркендеуіне, еліміздің мәдени-рухани саласының, ұлт руханиятының дамуына ерен еңбек сіңіріп жүрген профессор, жырау, педагог, өнертанушы Алмас Алматовпен өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовпен ауыл тұрғындары қатысты.

Көмейінен төгілген қоңыр даусымен, қазақы үнімен тыңдағанның құлақ құрышын қандырып, жан сарайды жадыратар жыраудың рухани кешіне халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Сыпатаев рухани кеште өз өнерін ортаға салды. Тағылымы мол кездесуде арнайы сахна төріне шыққан жырау ұстаз Алмас Алматов рухани кешті қорытындылап, жырдан шашу шашты. Ұлттық болмысымыз ұлықталып, баба дәстүрі дәріптеген Алмас Алматов пен Тимур Сыпатаевқа аудан жұртшылығы атынан шапан жауып, халық алғысын білдірді.

БӨЛІСУ