Бүгін арнайы мониторингтік топ аудан орталығындағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығын зерделеуді жалғастырды.

Жұмысшы топ білім, денсаулық, мәдениет және әлеуметтік нысандарында орнатылған бу қазандықтарының жай-күйін көріп шықты.

Аралау жұмыстарының нәтижесінде аталған мекемелердегі қазандық бөлмесінде артық заттардың орналасуы, сырлау жұмыстарының жүргізілмеуі және тоқ көздерінің ашық тұрғандығы анықталды. Мониторингтік топ алдағы жылу беру маусымы іркіліссіз жүруі керек екендігін қатаң ескертті.

Топ өкілдері қыркүйек айының бірінші онкүндігінде зерделеу жұмыстарын қайта жүргізетіндігін хабардар етті.

БӨЛІСУ