Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті жиыны Солтүстік Қазақстан облысында өтті.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы төрағалық еткен жиынға өңірдегі Жастар саясатын
жүзеге асырып жатқан көшбасшылар, облыс әкімшілігінің өкілдері, ішкі істер министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, ғылым және жоғары білім министрі қатысты.

Үздіктер бас қосқан келелі отырыста Президент жанындағы Жастар
саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Жалағаштық Намурадин Айсана да бар.

Кеңес отырысында “Дипломмен ауылға”, “Серпін” бағдарламалары талқыланып, бағдарламаларды жетілдіру үшін тисті ұсыныстар берілді.

Осы жобаларды жетілдіру жұмыстарына кеңес мүшелері де ат салысатын болды.
Кеңес жұмысы қоғамдық жұмыс ғана болғанымен, бірақ әр ұсыныстарымыз назарға алынып нақты нәтижелерге қол жеткізетін алаңға айналып жатқаны қуантады.

Жиынның соңында мемлекеттік органдарда Жастар саясатын жетілдіру мақсатында тисті ұсыныстар беріліп, кеңес мүшелері лудоманияға қарсы кешенді жоспарын әзірлеуде тікелей атсалысатын болды.

БӨЛІСУ