Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.
Іс-сапар барысында Қ.Нұрпейсов көшесіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары, Жалағаш кентінен темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысымен және Аудандық кітапхана ғимаратының жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік Қазіргі таңда барлық көшеге яғни Желтоқсан, І.Нүркенов, А.Бектібаев, А.Қазбеков, Т.Әбжәлиев, Мысық би, И.Панфилов, Қ.Нүрпейісов, З.Ижанов, Жеңістің 50 жылдығы көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге 80 пайызға орындалған. Сонымен қатар, қосымша 2 көшеге Ғ.Мұратбаев көшесінің аяғы, Қ.Ердаулетов көшесі асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Жалағаш кентінен темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі бойынша қазіргі таңда металл бұйымдарын құрастыру, тіреу, орындарын қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 40 пайызға орындалған.
Аудандық кітапхана ғимаратының жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру бойынша бүгінгі күнге қазандықтың ішкі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, жылу жүйесінің ескі құбырлары мен задвижкалары ауыстырылды, жаңадан 1 газ пеші горелкасымен орнатылды. ШРП орнатылып, темір қоршаумен қоршалды. Орташа қысымды жер асты газ құбыры тартылып, қазылған жерлердің асфальт жабындысы қалпына келтірілді.