Тамара Дүйсенова туризмді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

2023 жылғы 22 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен туризм саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында отандық туризмнің проблемалық мәселелері талқыланды.

Елордалық турбизнес өкілдері визалық рәсімдерді жеделдету және цифрландыру, туроператорлар мен гидтердің қызметін реттеу жұмысын күшейту, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қолдау жөнінде ұсыныстар айтты.

Сонымен қатар чартерлік бағдарламаларды субсидиялау және халықаралық әуе компанияларын тарту тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныстар айтылды.

Туризмнің экологиялық аспектілеріне, экожүйеге түсетін жүктемені реттеуге және туристік орындарда тазалықты сақтауға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова Мәдениет және спорт министрлігіне осы мәселелерді 2023 жылғы 15 қыркүйекте Ақтау қаласында ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өтетін Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форум аясында талқылау үшін дайындауды тапсырды.

Айта кету керек, туризм саласының мәселелерін ортаға салатын осындай кездесулер жүйелі түрде өтетін болады.

Жазғы демалыс маусымында Қызылорда облысында 13 шағын және 2 ірі демалыс орны жұмыс істейді. 2022 жылы мұндай орындарға 53,5 мың демалушы келсе, 2023 жылдың 1 тамызына дейінгі демалушылар саны 25896 адамды құрап отыр. Оның ішінде 20 мың демалушыны 2 ірі “Қамыстыбас” (Қамбаш) және “Ханқожа көлі” (Бәйгеқұм) демалыс аймағы қабылдаған. Ал, қалған 5896 адам 13 шағын демалыс орындарын таңдапты.

“2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бекітілген Ұлттық жоба” шеңберінде туризм саласы бойынша өңірде 4 көрсеткіш бекітілген.

Жыл басынан бері (3 айлық статистика – автор.) ішкі туристер саны – 22338 адам, сыртқы туристер саны 775 адам болып отыр. Ал жыл соңына дейін 3890 шетел азаматы турист болады деп жоспарланған.

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша 3907 төсек-орны бар 139 орналастыру орны жұмыс істеп жатыр. Олардың 107-сі қонақ үй және қалған 32-сі – хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер. 107 қонақ үйдің 5-еуінде жұлдыз дәрежесі бар. Облыстағы орналастыру орындарында төсек-тәуліктің орташа құны – 9128 теңге. Келушілерге көрсетілген қызмет көлемі 299,4 миллион теңгені құрады. Бәрін қосқанда орналастыру орындары 23113 адамды қабылданды. Келушілердің 775-і – шетел азаматы. Бұл статистика – алғашқы 3 айдың қорытындысы.

Қазіргі уақытта Сыр өңірінде жалпы сыйымдылығы 656 орынға есептелген 4 шипажай жұмыс істеуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 120 орындық заманауи үлгідегі шипажай пайдалануға беріледі. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі шипажайға келушілердің саны 7899 адам болған.
Бүгінгі күні “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы бөлігінде 52 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс істеп жатыр. Оның 45-і немесе 86,5 пайызы Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Одан бөлек, жол бойы кешені жанында орналасқан 17 санитарлық-гигиеналық торапты күтіп-ұстау шығындары мемлекеттің қолдау құралдары аясында субсидиялану басталды.

Жалпы, Қызылорда облысында 556 тарихи-мәдени мұра объектісі мемлекеттік қорғауға алынған. Оның 31-і республикалық және 256-сы – жергілікті маңызы бар объекті.

“Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасы аясында 12 жалпыұлттық және 60 өңірлік киелі нысан тізіміне енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, еліміздің 20 өңірінде көрікті жерлерді аралауды ынталандыру арқылы ішкі туризмді ілгерілету мақсатында жүзеге асырылып отырған #NeoNomad акциясы аясында “Қорқыт ата” мемориалдық кешені жанынан фотоспот орнатылды.

БӨЛІСУ