Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің бастамасымен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жаңғыртылған және қайта қалпына келтірілген нысандарының жұмысымен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры өтті.
Баспасөз сапарына облыстық, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшелері М.Нәлібаев, Н.Амиов, Н.Бақытбекұлы, Ж.Нұрымбетов, А.Рахметов және Н.Тұрғанбаев қатысты.
Шара барысында өңірдің электр желісінің 2023-2024ж жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ететін біршама жұмыстар таныстырылып, қала ішіндегі қайта қалпына келтірілген бірнеше нысандардың жұмыстары зерделенді.
Басқосуда Фракция мүшелері тарапынан электр жабдықтарының сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін жақсартуға, тозуын азайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.