Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.
Биыл бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды.Білім саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде үміткерлер құзыреттілігін бағалау үшін тестілеуден өтеді, екіншісінде оқуға рұқсат етіледі, үшіншіде – еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтуде, төртіншіде – қорытынды бағалау рәсімінен өтеді, бесіншіде – министрлiктiң жанындағы комиссиямен әңгімелесу өткізіледі. Нәтижелері бойынша басшылардың республикалық кадрлық резерві құрылады.
Оқудан, тағылымдамадан өткен және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі, оның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін кадр резервіне енгізіледі. Резервтер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады.
Айта кету керек, барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, сертификат алғандарға «жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.Бұл жобаны жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа форматтағы басшылардың, көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға ықпал етеді.
Айта кету керек, жаңа форматтағы басшылардың кадрлық резерві 2024 жылдан бастап жыл сайын толықтырылып отырады.