Сейсенбі күні аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен және аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен VIIІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.

Атап айтқанда,
1. Шиелі ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы аудан әкімінің есебі;
2. Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамызда қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шиелі ауданы аумағында құрылыс салу тәртібі, жүргізіліп жатқан құрылыстар, объектілердің сапасы және архитектуралық келбетін жақсартудың жайы және елді мекендерді абаттандыру туралы» №10/4 шешімінің орындалу барысы жайлы;
3.Жасөспірімдердің құқық бұзуы, ұстаздардың білім беру сапасы, ұлттық біріңғай тестінің қорытындысы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы материалдық базаның жағдайы жөнінде аудандық білім бөлімінің есебі;
4.«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5.Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі ««Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы;
7. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 23 қарашадағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведмствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №16/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 ақпандағы «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» №20/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9. Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №33/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында, аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан депутаттарын бірлесе отырып жергілікті атқарушы және жергілікті өкілді органның жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

БӨЛІСУ