Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Жалағаш ауданы тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Аламесек ауылдық округіндегі ішкі көшелерді жөндеу және электрмен қамту желілерін жаңарту, Аудандық аурухана мен емхананы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу, «Ақтерек» сауықтыру лагеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жалағаш кентінің орталығындағы қоғамдық моншаға газ тарту, «Арысқұм» учаскесіне учаскелік полиция пунктін салу, қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету және штат мәселесі, Таң ауылы, Жаңақоныс елді мекеніндегі ауыз су жүйесі және ауылға кіреберістегі көпірді жөндеу жөнінде мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ, бір қатар мәселелер оң шешім тапты. Есет батыр ауылындағы 5 көшені күрделі жөндеуден өткізуге 28.12.2022 жылы жалпы құны 545,8 млн. теңге болатын жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 11.05.2023 жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданған.

Сонымен қатар, елді мекеннің ішкі 4 көшесін күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «ТМ ПроектСтрой» ЖШС арқылы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Алдағы уақытта тиісті басқармаға қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Есет батыр ауылының тұрғын үй секторының электр тарату желілерінің құрылысына 29.11.2022 жылы жалпы құны 357,0 млн. теңге болатын жоба-сметалық құжаттары демеушілер есебінен әзірленді. 01.12.2022 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қаржыландыруға ұсынылды.

 «Ақтерек» сауықтыру лагері 1999 жылы ыңғайластырылып “асар” әдісімен салынып, пайдалануға берілген. Лагерьде бейімделген 4 жатын ғимараты және 80 орынға арналған асхана ғимараты бар.
Жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 452 бала демалыспен қамтылады. Жазғы демалыс уақытынан басқа мезгілдерде оқушыларды олимпиадаға, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
Лагерь ғимаратын жыл бойы пайдаланғандықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Облыс әкімі жанындағы кеңес қарауынан қолдау тапқан.

Жеке қабылдау барысында көтерілген барлық мәселені назарға алған Нұрымбет Сақтағанов, жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Қабылдауға құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін жұмысшы тобы қатысты.

БӨЛІСУ